Мемлекет басшысының елдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау және жаңа өндірістік кәсіпорындар салу жобаларын іске асыру аясында 2026 жылғы 3 маусымда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Е.М. Отыншиевтің, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-нің (бұдан әрі – «KUS» ЖШС) Бақылау кеңесінің төрағасы Ж.А. Қайргелдінің және «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-нің Даму және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры С.Т. Күлмахановтың «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағына (СЭЗ НИНТ) жұмыс сапары өтті.

Жұмыс сапары барысында арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асырылып жатқан қолданыстағы және салынып жатқан өндірістік нысандарға бару ұйымдастырылды. «KUS» ЖШС, «Бутадиен» ЖШС басшылары, сондай-ақ «Силленно» ЖШС өкілдері сапарға қатысушыларды жобалардың ағымдағы жай-күйімен, құрылыс кезеңдерімен, өндірістік қуаттарымен және нысандарды пайдалануға беру жоспарларымен таныстырды.

Инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерінің сақталуы, инфрақұрылымның дайындығы, кәсіпорындарды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ отандық өндіріс көлемін ұлғайту перспективаларына ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапары аясында кәсіпорындар («KUS» ЖШС, «Бутадиен» ЖШС және «KPI» ЖШС) мен мердігер ұйымдардың басшыларымен кездесулер өтті. Кездесулер барысында жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері, мемлекеттік қолдау тетіктері және өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамыту жөніндегі қадамдар талқыланды.

Нысандарға бару құрылыс жұмыстарының орындалу барысын, өндірістік алаңдардың дайындық деңгейін және өңірдің мұнай-химия және өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік берді.

Аталған жобаларды іске асыру инвестициялар тартуға, заманауи технологияларды енгізуге, өндірістік қуаттарды кеңейтуге, елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.