Компанияның қызметі
Газ турбиналы электр станциясы – «ҰИМТ АЭА қатысушыларын электр энергиясымен және жоғары қысымды бумен қамтамасыз етуге арналған
Электр энергиясы мен бу өндіруге арналған негізгі отын "Мақат-Солтүстік Кавказ" магистралдық газ құбырының отын газы болып табылады, резервтік отын этан болып көзделген, қажет болған жағдайда ол "KLPE" ЖШС ("ҰИМТ" АЭА қатысушысы) жобасынан ол пайдалануға берілгеннен кейін сатылып алынады.
Суды дайындау және ағынды суларды тазарту қондырғысы – "ҰИМТ" АЭА қатысушыларын минералсыздандырылған, тұзсыздандырылған және өндірістік-өртке қарсы сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы қатысушылардың ағынды суларын тазартуға арналған.
Су өндіру үшін негізгі шикізат "Астрахань-Маңғышлақ" магистралдық су құбырымен келетін өзен суы болып табылады.
Өткізу нарығы
"ҰИМТ" АЭА аумағында орналасқан кәсіпорындар тұтынушылар болып табылады, артылған электр энергиясыАтырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының сыртқы тұтынушыларына жіберіледі.
Минералсыздандырылған, тұзсыздандырылған және өндірістік-өртке қарсы су "ҰИМТ" АЭА аумағында орналасқан тұтынушыларға сатылады.
Шикізаттың негізгі жеткізушілері
- "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ - электр энергиясын өндіру үшін отын газын жеткізу.
- "Магистралды су құбыры" ЖШС - су өндіру үшін өзен суын жеткізу.