«Karabatan Utility Solutions» ЖШС

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС 2014 жылы құрылған және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялар тобына кіреді, «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС еншілес құрылымы болып табылады (бұрынғы. «Біріккен химиялық компания» ЖШС). Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылым объектілерін салу» жобасын іске асыру мақсатында «Karabatan Utility Solutions» ЖШС «ҰИНТ» АЭА өндірістік және жалпы зауыттық инфрақұрылым объектілерін салу жөніндегі оператор болып белгіленді.

2018 жылы «Karabatan Utility Solutions» ЖШС «Samruk–Kazyna Constructions» АҚ-тың сенімгерлік басқаруына берілді. 2020 жылдан бастап кәсіпорын операциялық кезеңге өтіп, толығымен өзін-өзі қамтамасыз ету жағдайында.

Меншікті құрылымы (меншікті иелері)

99,99999932%
«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС
0,00000068%
«Полимер Продакшн» ЖШС

Компанияның көрсеткіштері

9 жыл

тарихы және тәжірибесі

385

лайықты әлеуметтік пакеті бар тұрақты жұмыс орындары құрылды

100%

ҰИНТ АЭА резиденттерінің электр энергиясы мен суға қажеттілігі қамтамасыз етілді