Жаңалықтар
2026 жылғы 19 тамызда «KUS» ЖШС қалалық аумақтық сайлау комиссиясы өкілдерінің, Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің және жұмысшыларының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмысшыларға Құрылтай депутаттарын сайлауды өткізу тәртібін түсіндіру, олардың сайлау құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ сайлауға қатысу және дауыс беру тәртібімен таныстыру.
Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасында белгіленген негізгі талаптарға тоқталып, дауыс беру рәсімі, сайлаушылардың құқықтарын жүзеге асыру тәртібі және сайлау процесіне қатысу мәселелері бойынша түсініктемелер берді.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты практикалық мәселелер бойынша толық жауаптар алды.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары халықтың құқықтық және саяси сауаттылығын арттыруға, сайлау процесі туралы объективті ақпарат алуға мүмкіндік беруге және азаматтардың конституциялық құқықтарын заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыруына қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шара нәтижесінде Серіктестік жұмысшылары Құрылтай депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері мен дауыс беру тәртібі жөнінде қажетті ақпарат алып, өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтырды.