Жаңалықтар
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды Компаниямыздың құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Өз қызметі жылдарында Компаниямыз лайықты жолдан өтіп, өз позициясын нығайтты, мол тәжірибе жинақтап, одан әрі дамудың берік негізін қалады.
Компаниямыздың басты күші әрі құндылығы - адамдар. Әрбір қызметкердің кәсібилігі, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, бастамашылдығы мен ұйымшылдығы және адал еңбектің арқасында біз алға қойған мақсаттарымызға сеніммен қол жеткізіп, алға жылжып келеміз.
Бүгін мен әрбір қызметкерге адал еңбек, кәсібилік және ортақ іске қосып жатқан үлес үшін алғысымды білдіремін. Ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында біз тұрақтылықты сақтап, алдымызға қойылған міндеттерді табысты орындап, алға нық қадам басып үлкен белестерге бірге жететінімізге нық сенімдімін. Алдымызда жаңа мүмкіндіктер, ауқымды әрі маңызды жобалар мен орасан зор жетістіктер күтіп тұр. Бірлесе отырып, кез келген сын-қатерді еңсеретінімізге сенімім мол.
Компаниямызға одан әрі даму, тұрақтылық және жаңа жетістіктерге жету, ал әрбір қызметкерге және оның отбасына зор денсаулық, амандық, бақ-береке, молшылық пен жарқын болашаққа деген сенім тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен, Басқарма төрағасы Р.А.Нукежанов!