Жаңалықтар
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау облысының қазақстандық тауар өндірушілерінің Серіктестіктің сатып алуларына қатысу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Атырау облысының «Атамекен» кәсіпкерлердің өңірлік палатасының, «Самрук-Қазына Контракт» ЖШС, «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС өкілдері, сондай-ақ Атырау облысының қазақстандық тауар өндірушілерінің өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты қазақстандық тауар өндірушілермен сындарлы өзара іс-қимылды дамыту, олардың сатып алу рәсімдеріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ сатып алуларға қатысу кезінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылау үшін ашық алаң құру болды.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тобы ұйымдарының сатып алуларына қазақстандықтауарөндірушілердің қатысу шарттары мен тәртібіне, сондай-ақ бизнес өкілдері сатып алу рәсімдеріне қатысуға өтінімдерді дайындау және беру кезінде кездесетін практикалық мәселелерге ерекше назар аударылды.
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС өкілдері Серіктестіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беріп, кездесу қатысушыларының ұсыныстары мен ескертулерін қарастырды. Талқылау қорытындысы бойынша тауар өндірушілерге сатып алу саласындағы қолданыстағы талаптар мен рәсімдерді ескере отырып, тиісті ұсынымдар да берілді.
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС қазақстандық тауар өндірушілермен ашық әрі сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтеді және сатып алу процестерінің ашықтығын арттыруға және қолданыстағы нормативтік талаптар мен Серіктестіктің ішкі құжаттарына сәйкес қазақстандық тауар өндірушілердің сатып алуларға қатысуын кеңейтуге бағытталған өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделі.