Жаңалықтар
Атырау облысына жұмыс сапары аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының Төрағасы Қ.Б. Шарлапаев «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не барды.
Сапар барысында Серіктестіктің қызметімен, өндірістік қуаттарымен және белгіленген қуаты 310 МВт болатын БГТЭС өндірістік блогында жүзеге асырылатын технологиялық үдерістермен танысты.
Кездесу барысында өндірістік әлеуетті дамыту, кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік және энергетикалық базасын одан әрі нығайту мәселелеріне назар аударылды.
Жұмыс сапары Серіктестік қызметімен тікелей танысуға және Атырау облысындағы бизнестің әрі өндірістік сектордың одан әрі дамуы үшін маңызды өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.