"KUS" ЖШС қызметкерлерінің 49 баласы мектеп керек-жарақтары бар сөмке түрінде сыйлықтар алды. Олардың барлығы жаңа оқу жылында алғаш реет мектепке 1-сыныпқа барды.

Бұл бастаманы серіктестік қызметкерлерді әлеуметтік қолдау және "Мектепке жол" акциясы аясында жүзеге асырды. "KUS" ЖШС бірінші сынып оқушыларына қажетті мектеп керек-жарақтарын сатып алып, қаражат бөлді.

Балалары сыйлықтар алған қызметкерлер мектепке дайындықта көрсеткен қолдаулары үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.