Ағымдағы жылдың 12 қазанында өндірістік алаңдар аумағын көгалдандыру бойынша іс-шараларды өткізу эстафетасы басталды. Көгалдандыру бойынша эстафетаны «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері (KPI) көшеттерді аумақ бойынша отырғызумен бастады.

KPI аппаратының басшысы Роллан Сәрсенбек эстафетаны серіктестіктің Басқарма төрағасының орынбасары Бектелеуов Айдын Талғатбекұлына салтанатты түрде тапсырды, ол өз кезегінде көктемгі кезеңнің басталуымен бірден алынған эстафетаны жалғастыруға қызығушылығын білдірді.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 12 қазанда «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС компаниялар топтары арасында көшет отырғызу акциясы басталды.

Сонымен, серіктестіктің өндірістік учаскелерінің аумағында 100 дана түрлі тұқымды көшеттер отырғызылды.