2025 жылғы 25 маусымда «Karabatan Utility Solutions» ЖШС Басқарма төрағасы Мақсат Өркенұлы Жылқайдаров ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды одан әрі дамыту шеңберінде Атырау энергетикалық кешенінің (АЭК) Директорлар кеңесінің төрағасы Алтынбек Төлеуғалиұлы Қаршегенов, сондай-ақ АЭК және «Атырау жылу электр орталығы» ЖШС өкілдері үшін Атырау облысында «Karabatan Utility Solutions» ЖШС салған, қуаты 310 МВт бу-газ жылу электр станциясында (БГЖЭС) таныстыру іс-шарасын өткізді.

Станция «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан және бүгін де энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мұнай-химия саласын дамытудың мықты негізін жасай отырып,  өңірдің электр энергиясына деген артып отырған қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Жоғары ептілік мен технологиялықтың арқасында БГЖЭС ең жоғары жүктемелерді тиімді реттеп, энергия тұтынудағы өзгерістерге жедел жауап береді, осылайша өңірдің тұрақты экономикалық өсуіне және инвестициялық тартымдылығының артуына елеулі үлес қосады.