Сапар аясында ол «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-ның өндірістік нысандарын аралап, Бу-газтурбиналықэлектр станциясының өндірістік қуатымен, су дайындау және ағынды суларды тазарту процесімен, сондай-ақ зауыттың бүкіл инфрақұрылымымен танысты.

Зауыт жұмысын талқылау барысында С. Жаркешов Су дайындау және ағынды суларды тазарту қондырғысын (2-ші кезек), сондай-ақ Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында орналасқан жұмыс істеп тұрған және болашақ химиялық өндірістерді энергиямен қамтамасыз етуге арналған 165 МВт БГТЭС қосымша энергия блогын салуды іске асыру мерзімдері туралы хабардар етілді.