Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 31 қазанында «Karabatan Utility Solutions» ЖШС Басқармасының төрағасы Мақсат Жылқайдаров және бірқатар бөлімше басшылары бас корпустың аумағын, су дайындау қондырғысы (СДҚ) мен №4 газ турбиналық қондырғысының (ГТГ-4) учаскесін жоспарлы тексеруді жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша аумақта және электр станциясында, СДҚ объектілерінде жүргізілетін жоспарлы жұмыстарға, сондай-ақ ағымдағы өндірістік мәселелерге қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.