Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз  "Құрылысшылар күнімен" шын жүректенқұттықтаймыз!

Құрылысшы еңбегі – ғасырлар бойы сақталатын мұра. Сондықтан, құрметті де мәртебелі мамандық. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында елімізде ірі жобалар жүзеге асырылды.

Осындай тамаша құрылысшылар мерекесі күні біз сіздерге ризашылығымызды білдіреміз.

Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, қажымас қайрат, мұқалмас жігер тілейміз!!! 

Қазақстан Республикасының Құрылысшылар күніне орай біздің әріптестеріміз құрмет грамоталары мен медальдарға ие болды:

 1) Күрделі құрылыс департаментінің Жылу, желдету, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бойынша жетекші инженері Калабергенов Валитхан Шайфадинович,  Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Құрметті құрылысшы" төсбелгісімен марапатталды.

2) Жобалау департаментінің жұмыскерлері Нургазиев Давлетьяр Смагулович, Суимбеков Максат Маратович, Ельгундиев Даурен Ракимович Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды

3) Адами ресурстарын басқару және кеңсе департаментінің директоры Нурмуканов Данияр Нурланович "Samruk-Kazyna Construction" Акционерлік қоғамнан Құрмет грамотасымен марапатталды.