Ағымдағы жылдың 7 қарашасы күні «Самұрық-Қазына» АҚ бірқатар басшылары - экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор А.Қ. Рысқұлов пен стратегия және активтерді басқару жөніндегі бірлескен басқарушы директор Б.Р. Таубаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барып, сапар аясында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында болды.

«ҰИМХТ» АЭА-ның жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан өндірістік объектілерін аралау барысында«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Бу-газтурбиналық электр станциясының өндірістік қуатымен, сондай-ақ  су дайындау және ағынды суларды тазарту процесімен танысты.

Жұмыс кеңесі өткізіліп, онда «ҰИМХТ» АЭА аумағындағы орналасқан жұмыс істеп тұрған және болашақ мұнай-химия өндірістерін энергиямен қамтамасыз етуге арналған «KUS» ЖШС жобаларын іске асырудың ағымдағы жағдайы туралы баяндама тыңдалды.