Жаңалықтар
12 наурызда «Самұрық - Қазына» АҚ Мұнай-газ активтері департаментінің директоры – «Karabatan Utility Solutions» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Қайргелді Ж.А. және «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы Маулетов Д.Н. Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағына жұмыс сапарымен барды.
«KUS» ЖШС-нің «Су дайындау және ағынды суларды тазарту қондырғысы, 2-кезең» жобасының құрылыс алаңында көшпелі кеңес өткізіліп, жобаны іске асырудың ағымдағы мәртебесі, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы, жобалаудың ілгерілеуі, сондай-ақ жобаны одан әрі іске асырудың ұйымдастырушылық-техникалық аспектілері қаралды.
Белгіленген мерзімдердің сақталуына және ұзақ мерзімде дайындалатын жабдықтардың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.