Бектелеуов Айдын Талғатбекұлы

Бектелеуов Айдын Талғатбекұлы

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Басқарма Төрағасының жобалар жөніндегі орынбасары

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша (экономист), Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ә.Сағынов Қарағанды техникалық университетін «Электр энергетикасы, техника және технологиялар» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Айдын Талғатбекұлы «АТФБанк» АҚ, «Halyk Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Казкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ екінші деңгейлі банктерінде, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ даму институттарында, сондай-ақ «Karabatan Utility Solutions» ЖШС (2021-2023 жылдар) және «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС өндірістік кәсіпорындарында» басшылық қызметтер атқарды.

2024 жылғы 10 қыркүйектен бастап «Karabatan Utility Solutions» ЖШС Басқарма Төрағасының жобалар жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.