
Тәжин Алмат Болатұлы
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Басқарма Төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, Гуманитарлық-техникалық академияны «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін алды.
Әр жылдары Алмат Болатұлы «Саяжай» ЖШС, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС, «Самұрық-Энерго» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС сияқты ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды.
2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап «Karabatan Utility Solutions» ЖШС Басқарма Төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.