Сахипова Арай Шәріпханқызының

Сахипова Арай Шәріпханқызының

"Karabatan Utility Solutions" ЖШС Басқармасы төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Арай Шәріпханқызының "Бухгалтерлік есеп", "Қаржы және несие", сондай-ақ "Құқықтану" мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.

Әр жылдары "Шығыс Қазақстан жылыжай кешені" ЖШС, "Марум Жар Голд" ЖШС және "DAS GOLD" ЖШС сияқты ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Мемлекеттік қызметте жұмс істеу тәжірибесі бар — бұрын Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінде жұмыс істеген.

2025 жылғы 24 маусымнан бастап "Karabatan Utility Solutions" ЖШС Басқармасы төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.