Жаңалықтар
Сапардың мақсаты-серіктестіктің өндірістік процестерімен және қызметімен таныстыру.
Делегация мүшелерін бу-газ турбиналық электр станциясымен және химиялық су дайындау және ағынды суларды тазарту алаңымен таныстырды.
БГЭС 2019 жылы пайдалануға берілді, оның қуаты сағатына 310 МВт құрайды. Нысан "НИНТ" АЭА қатысушыларын электр энергиясымен және жоғары қысымды бумен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Электр энергиясы мен буды өндіруге арналған негізгі отын "Мақат-Солтүстік Кавказ" магистральдық газ құбырынан отын газы болып табылады.
Қуаттылығы 789 м3/сағ химиялық су дайындау және ағынды суларды тазарту қондырғысы 2021 жылы іске қосылды. Ол "НИНТ" АЭА қатысушыларын минералсыздандырылған, тұзсыздандырылған, өндірістік-өртке қарсы сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы қатысушылардың ағынды суларын тазартуға арналған. Су өндіру үшін негізгі шикізат "Астрахань-Маңғышлақ" магистральдық су құбырынан өзен суы болып табылады.
Тексеру барысында делегация мүшелері өндірістік объектілер қызметінің экологиялық нормаларға сәйкестігіне, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына, объектілердің техникалық жай-күйіне қатысты сұрақтар қойды. Оларға серіктестіктің жауапты қызметкерлері жауап берді. Сонымен қатар, олар бүгінгі күні химиялық су дайындау және ағынды суларды тазарту қондырғысында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Айта кету керек, Серіктестік қоршаған ортаны қорғау және экологиялық нормаларды сақтау мәселелеріне көп көңіл бөледі, сондықтан делегация мүшелерінен келіп түскен ұсынымдар назарға алынады.