Жаңалықтар
Бұл қағидат "KUS" ЖШС қызметінің басына қойылған.
Серіктестікте қызметкерлердің сапалы жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасауға көп көңіл бөлінеді. Міндетті әлеуметтік пакеттен басқа, еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында қызметкерлерден үнемі пікірлер мен ұсыныстар жиналады.
Атап айтқанда, адам ресурстарын басқару департаментінің мамандары қызметкерлерді толғандыратын мәселелерді анықтау мақсатында апта сайын ұжыммен кездесулер өткізеді. Мұнда оларға жауаптар беріледі немесе бар мәселені шешу үшін қажетті нақты мерзімдер жарияланады. Жауапты мамандар бірде-бір өтініштің назардан тыс қалмауын қамтамасыз етеді.
Мысалы, соңғы кездесу барысында серіктестік қызметкерлеріне қызмет көрсететін медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасына қатысты көптеген сұрақтар келіп түсті. Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлердің пікірлері негізінде тиісті шаралар қабылданатын болады.