Жаңалықтар
Технологияларды дамытудың заманауи қарқынын ескере отырып, өндірісте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі күн сайын өзектілігін арттыруда. Осыны түсіне отырып, "KUS" ЖШС өз қызметкерлерін ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне оқытуға жәрдем көрсетті.
Атап айтқанда, серіктестік қызметкерлері-ИТиТК жетекші инженері Жақсылық Мунгатов және ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар бөлімінің басшысы Әсет Сисенғалиев International Business Academy-де жоғарыда аталған бағыт бойынша оқудан өтті.
"Ақпараттық қауіпсіздік негіздері" курсының негізгі мақсаты - тыңдаушыларды ақпараттық қауіпсіздікті (АҚ) қамтамасыз етудің заманауи тәсілімен таныстыру, кәсіпорын қызметін табысты жүзеге асыру үшін АҚ мәнін ашу, АҚ басқару жүйесін әзірлеу мен енгізудің негізгі кезеңдерін түсіндіру, АҚ бойынша жетекші әлемдік стандарттардың негізгі ережелерімен таныстыру.
Курстың қорытындысы бойынша серіктестік қызметкерлері ИСО/МЭК 27001-2013 стандарты, стандарттардың өзара іс-қимыл және қолдану тетіктері, АҚ басқару жүйесін құру негіздері, өндірісте ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізу бойынша білімдерін арттырды.