Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Астана қаласында энергетикадағы келешегі зор жобаларғаарналған «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртудың ұлттық жобасы: Қазақстандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» атты конференция өтті.

Пікірталасқа Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков қатысты. Конференцияға жалпы 300-ден астамбизнес өкілдері жиналды. «KUS» ЖШС атынан Басқарма төрағасының орынбасары Алмат Тажин қатысты.

Оның сөйлеген сөзі барысында Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында орналасқан жұмысістеп тұрған және болашақ химиялық өндірістерді энергиямен қамтамасыз етуге арналған қуаттылығы 165 МВт қосымша газ турбиналы электр станциясы (ГТЭС) энергоблогын салу жөніндегі кеңейту жобасы таныстырылды.