Жылқайдаров Мақсат Өркенұлы

Жылқайдаров Мақсат Өркенұлы

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Басқарма төрағасы

Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін  бітірген, экономика және кәсіпорынды басқару саласында кәсіби қызметті жүргізуге арналған "Халықаралық құқық" бағыты бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA).

Жұмыс тәжірибесі:

15 жылдан аса, соның ішінде "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында 8 жылдан аса жұмыс өтілі бар, оның 12 жылы — басшылық лауазымдарда.

Әр жылдары келесі лауазымдарды атқарды:

  • "Цесна корпорациясы" АҚ жобалар департаментінің менеджері
  • "Мұнай және Экология компаниясы" ЖШС жобалар департаментінің менеджері
  • "BSG Technology" ЖШС директоры (оның ішінде Мәскеудегі кеңсесінде)
  • "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ теңіз және жағалау инфрақұрылымы департаменті директорының орынбасары
  • "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС Қарағанды облысы бойынша филиалының басшысы, Астана қ. және Павлодар облысы бойынша филиалдарының директоры,  Бас директорының орынбасары
  • "ҚазМұнайГаз Аэро" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары
  • "ЕмбіМұнайГаз" АҚ сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру департаментінің директоры
  • "ЕмбіМұнайГаз" АҚ Бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары
  • "ҚазақТүрікМұнай" ЖШС Бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары